ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Никельщик» (Верхний Уфалей) командасын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Стеновик» стадионында өткен ойынның 1-минутында-ақ Андрей Гущин есеп ашты. Содан кейін команда капитаны Максим Өтебалиев пен Петр Грибанов матч барысында екі реттен мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ Павел Чебаков, ресейлік легионерлер Сергей Пантеев пен Александр Чкалов бір-бірден гол соқты. Осылайша, ресейлік маман Владимир Кожевниковтің шәкірттері 8:3 есебімен жеңіске жетті. Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді. Айта кетейік, қазіргі кезде оралдықтар екінші топта 26 ұпаймен төртінші орында келеді.  

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/dopty-hokkey-akzhayyk-nikel-schik-komandasyn-tize-buktirdi_a3151552