Ақжайық ауданының Үштөбе ауылында көкпардан және теңге ілуден жарыс өтті. Аудандық «Жігер» спорт клубының осы ауылдағы нұсқаушысы Шапағат Наурызов мектепте балаларға көкпардан да дәріс береді. Сонымен қатар бір жылдан ауылішілік жарыстар ұйымдастырып жүр. Аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев пен Жамбыл ауыл округінің әкімі Қайыржан Елешовтің құттықтау сөздерінен кейін басталған аталған додаларды қызықтаушы көпшіліктің қарасы қалың болды.

«Алаң иелерінің» додашылары өздерінің де, жылқыларының да бабында екенін танытты.

Ал теңге ілуден I орынды жамбылдық Айбек Есілай иеленді.

Жүлдегерлерге аудандық «Жігер» спорт клубының диплом, кубок және бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы