Зеленов ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық каратэден WKC балалар, кадеттер, жастар және ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өтті. 

Зеленов ауданы орталығында мереке қарсаңында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жалауы желбіреген дүбірлі додада Ресей Федерациясынан, Орал қаласынан, Бөрлі және Зеленов аудандарынан барлығы 13 команда бақ сынады.

Татамиға сап түзеген 160-тан астам спортшы мен жанкүйер қауымды құттықтаған  БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы бас маманы Жайсаң Ғұбайдуллин: Құрметті спортшылар, бапкерлер ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ашық турнирдің ашылуымен құттықтаймын. Спорт ең алдымен, өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауаттылыққа баулитын, жекпе-жекте жігерін жанитын тәрбие тетігі. Көк Туымызды талай дүбірлі додада желбіретіп жүрген мақтаныштарымыз осындай турнирлерде жетілген өрендер, - дей келе спортшыларға сәттілік тіледі.

Өзара мықтыны анықтаған спорт бәсекесінде командалық есепте Зеленов ауданы жеңімпаз атанса, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мен Орал қаласы №7 мектеп командасы екінші, оралдық «Дзаншин» командасы үшінші орыннан көрінді.

Нұржан Дүзбатыр,

Зеленов ауданы