«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мейрамы  қарсаңында «Облыстық авиация спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт-техникалық мектебінің» авиамодель және парашют бөлімдері бойынша біріншілік өтті. Жарысты өткізудің мақсаты балаларды  патриоттық, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Парашют бөлімінің спортшылары жалпы дене дайындығы бойынша жарысқа түсті. Ал авиамодель бөлімінің спортшылары лақтырма планерлер моделі бойынша бәсекелесті. Жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды.

Гульфайруз Ерсайынқызы

Мемлекеттік тілді енгізу маманы