2019 жылдың 22 - 31 тамыз күндері Кранево (Болгария) қаласында дойбыдан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Сайыста Жұмагалдиева Алтынай, Давлетова Анель, Тәжібекова Тоғжан сынды БҚО дойбышылары ҚР ұлттық құрамасы сабында табысты өнер көрсетті.

Әлемнің 19 елінен 200-ге жуық спортшылар қатысқан чемпионатта Давлетова Анель (16 жасқа дейін) және Тәжібекова Тоғжан (13 жасқа дейін) өз жас санатында дойбыдан әлем чемпионы атанса, 6 дүркін әлем чемпионы Жұмагалдиева Алтынай әйелдер арасында тұңғыш Халықаралық гроссмейстер атағын иеленген қазақстандық болды.

Дойбы - өңіріміздегі басымды ойын (зияткерлік) түрлерінің бірі. Басқарма тарапынан осы спорт түрін дамыту және тарату, спортшылардың кәсібилігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

рисунок