БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен А.Островский атындағы орыс драма театрында Спорт күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Соңғы жылдары қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстар мен олимпиадалық ойындарда үздік нәтижелерге қол жеткізіп, еліміз халықаралық сипаттағы байрақты бәсекелерді өткізуге мүмкіндік алды.
Тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланатын Спорт күні мерекесінің сала мамандары үшін орны ерекше. Бұқаралық спортты дамыту шараларын жүзеге асыру спортты серік еткен азаматтардың қатарын арттыруға бағытталады. Өңірімізде 195 мыңға жуық облыс тұрғыны спорт саласын таңдап, жыл соңына дейін 31 пайызға ұлғайту көзделуде.

БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов спорт саласы қызметкерлері мен батысқазақстандық спортшыларды мерекемен құттықтап, спорт ардагері, облыстық велоспорт федерациясының президенті Асқар Шораевқа ҚР Президентінің төс белгісі, КСРО спорт шебері Жұбаныш Жәрдемов, «Ақжайық» футбол клубы жанындағы футбол орталығының директоры Виктор Каблов, Сырым ауданының спорт ардагері Ғилаж Қаналиев пен бірқатар сала мамандарына Мәдениет және спорт министрлігі, өңір басшысының Алғыс хатын табыстады.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева кәсіби мерекеге орай қалалық, аудандық спорт мекемелерінің қызметкерлеріне Алғыс хат ұсынып, спортшыларға құрмет көрсетілді.

рисунок

рисунок

рисунок