рисунок

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында екі күнге қызыққа толы өткен Ұлттық спорт түрлерінен Батыс Қазақстан облысының V фестивалі өз мәресіне жетті. Қатысқан командалар топ бәйге, аламан бәйге, құнан жарысы, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, ұлттық жекпе-жек, тоғызқұмалақ және асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

Фестиваль қорытындысы бойынша командалық есепте спорт түрлері бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

  1. Аламан бәйге
    Бірінші орын – Жәнібек ауданы
    Екінші орын – Жаңақала ауданы
    Үшінші орын – Бөкейорда ауданы.
  2. Топ бәйге
    Бірінші орын – Ақжайық ауданы
    Екінші орын – Бөрлі ауданы
    Үшінші орын – Сырым ауданы.
  3. Құнан бәйге
    Бірінші орын – Бәйтерек ауданы
    Екінші орын – Ақжайық ауданы
    Үшінші орын – Казталов ауданы.
  4. Көкпар
    Бірінші орын – Орал қаласы
    Екінші орын – Жәнібек ауданы
    Үшінші орын – Ақжайық ауданы.
  5. Аударыспақ
    Бірінші орын – Бәйтерек ауданы
    Екінші орын – Жәнібек ауданы
    Үшінші орын – Ақжайық ауданы.
  6. Теңге ілу
    Бірінші орын – Бәйтерек ауданы
    Екінші орын – Қаратөбе ауданы
    Үшінші орын – Жәнібек ауданы.
  7. Тоғызқұмалақ
    Бірінші орын – Бөрлі ауданы
    Екінші орын – Жаңақала ауданы
    Үшінші орын – Сырым ауданы.
  8. Асық ату, бес асық
    Бірінші орын – Бөрлі ауданы
    Екінші орын – Ақжайық ауданы
    Үшінші орын – Теректі ауданы.
  9. Қазақ күресі
    Бірінші орын – Бөрлі ауданы
    Екінші орын – Сырым ауданы
    Үшінші орын – Казталов ауданы.
  10. Жамбы ату
    Бірінші орын – Бөрлі ауданы
    Екінші орын – Жәнібек ауданы
    Үшінші орын – Ақжайық ауданы.
  11. Жекпе-жек
    Бірінші орын – Бөрлі ауданы
    Екінші орын – Ақжайық ауданы 
    Үшінші орын – Жәнібек ауданы.

Жалпыкомандалық есепте үшінші орынды Жәнібек ауданы алса, екінші орында Ақжайық ауданы спортшылары. Ал ұлттық спорт түрлерінен облыстық бесінші фестивалінің жеңімпазы болып Бөрлі ауданы командасы атанды

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

Фото суреттердің авторы Нұрбек Ихсан