Ақсуат ауылында тұратын 3 топ мүгедегі Айткалиев Әлібек өзінің жас достарымен 1 000 000 теңгеге "Өнерді үйрену де өнер" әлеуметтік жобасын жеңіп алып, ауылда "ZhasPrject" ұранымен жастар мен тұрғындарға арналған жаттығу залын ашуға және спорттық іс-шаралар мен марафондар өткізуге шешім қабылдады. Бұл і-шараға Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубтың директоры Шаймарданов Азон Нұрмұханұлы мен директордың орынбасары, самбодан КСРО спорт шебері, паралимпиадалық спортшы Хасанғалиев Темиржан Сұлтанұлы шақырылған болатын. Сонымен қатар, бұл шараға Ақсуат ауылының әкімі Энгелов Максим Энгелович және көптеген жастар мен жергілікті тұрғындар келді. Іс-шара өте жақсы өтті. Біз спортшыларымыздың ауылдық жерлерде спортты дамытып жатқандарына қуаныштымыз.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок