Бүгін, 12 сәуір күні жарыстың алғашқы ойындары басталып, ашылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Жарыста екі жас ерекшелігі бойынша 190 спортшы,19 команда қатысуда. Қатысушы командалар тізімі:
1. Бөкейордасы ауданы
2. Тасқала ауданы
3. Шыңғырлау ауданы
4. Орал қаласы
5. Бөрлі ауылдық округі
6. № 4 ЖОББМ
7. № 5 ЖОББМ
8. Ақсай қаласы
9. Бөрлі ауданы
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, сөз алған Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Амангелдіұлы Исанов пен БҚО дене шынықтыру және спорт басқамасының бас маманы Әзілхан Аманғалиұлы Сағатов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, тек мықтылар жеңіске жетсін деген тілектерін арнады. Бүгін жарыстың нағыз мықты деген спортшыларды іріктеліп, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтау ертеңгі күннің еншісіне қалдырылды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок