2018 жылдың 20 – 22 сәуір аралығында «Арман» спорт кешенінде көрнекті мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Мұстақым Біләлұлы Ықсановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер командалары арасында ашық облыстық турнирі өткізілді. Жарысқа 10 команда қатысты, олар Ақтау қаласы, Ақтөбе облысы («Арай» командасы), Хромтау қаласы, БҚО ардагерлер командасы, Казталов, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Бөкей Ордасы және Жәнібек аудандарының командалары.

Жарыстардың қорытындысы бойынша:

1 орын – Ақтау қаласы (60 000 теңге)

2 орын – Батыс Қазақстан облысы (30 000 теңге)

3 орын – Жәнібек ауданы (20 000 теңге)

Жеңімпаз командасы мен жүлдегерлер диплом, кубок, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Номинация бойынша үздік волейболшылар:

«Турнир ақсақалы» - Гусманов Тельман (Жәнібек ауданы)

«Үздік қорғаушы» - Қанназаров Бахадур (Ақтау қаласы)

«Үздік ойыншы» - Қажғалиев Салауат (БҚО)

«Үздік байланыстырушы» - Батраков Руслан (Ардагерлер командасы)

«Үздік шабуылшы» - Ақболатов Асхат (Ақтау қаласы)

 бағалы сыйлықтармен («Мультиварка») марапатталды.

 
М.Б. Ықсанов атындағы қоры және облыстық кәсіподақ ұйымы алғыс хат және кубоктармен марапатталды.

Турнирге белсене қатысқан үшін төмендегі командалар мен ойыншылар сыйлықтармен марапатталды:

1. Жәнібек ауданы – Шаңсорғыш, кубок, Алғыс хат.

2. Бөрлі ауданы – Мультиварка, кубок, Алғыс хат)

3. Казталов ауданы – Құмыра, кубок, Алғыс хат)

4. Гусманов Тельман (Жәнібек ауданы) – Алғыс хат, волейбол формасы

5. Менеев Қазбек (Жәнібек ауданы) – Алғыс хат, кітап

6. Кулекешов Қазбек (Ақтау қаласы) – Алғыс хат, кітап

7. Агеев Павел (БҚО) – Алғыс хат , кітап

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында  Қазақстан  Республикасының чемпионаты өтті. Оған 14 облыстан жəне еліміздің екі қаласынан 540-қа жуық спортшы қатысты.

Батысқазақстандық спортшылардың жетістіктері:

2001-2002 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында +81 кг жоғары салмақта  Хамзин Замир 3 орынға ие болды.

2018 жылдың 16-22 сəуір күндері Бурабай қаласында қол күресінен жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасында Азия Чемпионаты өз мəресіне жетті! Жарысқа 12 мемлекеттен 600 спортшы катысты. Командалық есепте Қазақстан Республикасы 1 орын, Өзбекстан елі 2 орын алды, ал Қырғызстан 3 орынға ие болды. Жарыста Қазақстан Республикасының сапында Батыс Қазақстан облысының спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті: 65 келіде 1997-1999 ж.т. қыздар арасында Каупенова Кенжеқыз 1 орынға ие болды, жастар арасында Кумаров Суйесин 3 орын, 2000 ж.т кіщі қыздар арасында Канатова Арайлым 3 орын алды. Жарысқа дайындаған жаттықтырушылар: Ибатов Мұрат Қолғанатұлы және Нысанов Нұрхат Есенжанұлы.

16-22 сәуір күндері аралығында Щучинск қаласында өтіп жатырған қол күресінен 17 Азия чемпионатына батысқазақстандық спортшылар да қатысуда. Қазіргі таңда олар табысты өнер көрсетіп жатыр. Жасөспірімдер мен жастар, ардагерлер мен қыздар және де мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтіп жатырған айтулы додада 12 мемелкеттің спортшылары күш сынасуда. Барлығы 800-ге жуық спортшы сынға түсіп жатса, олардың 200-ге жуығы - мүмкіндігі шектеулі жандар. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Батыс Қазақстан облысы атынан 6 спортшымыз қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Сурдлимпиадалық қол күресінен Ақтоты Мәлік, Жиенбек ошанов және Есеней Жакипов 1 орынға ие болды, ал Орынбасар Сариев 3 орын алды. Паралимпиадалық қол күресі бойынша Азон Шаймарданов алтын медаль иеленіп, Азия чемпионы атанды. Спортшыларды дайындаған мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының қол күресі жаттықтырушысы Аманбек Кошанов.

2018 жылдың 6-10сəуір күндері Шымкент қаласында көру қабілеті төмен спортшылар шахматтан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан қыздар мен ер балалар, жастар арасында Казахстан Республикасының чемпионаты өткізілді.

Жарыс жоғары деңгейде өтті. Интеллектуалды сайыс  Қажымұқан атындағы спорт кешенінде өткізілді. Жарысқа 30-дан астам спортшы қатысты. Оған Астана қаласынан, Алматы облысынан, Атырау облысынан, Тараз қаласынан, Павлодар қаласынан, ОҚО облысынан, ШҚО облысынан, Қызылорда облысынан спортшылар қатысты. Орал құрама командасының атынан: Нурхайев Ерлан Хамитдуллаевич (шахмат), Қоныс Сағынған Қонысұлы (дойбы), Аманша Мейрамбек, Ергалейва Алуа Манарбекқызы (тоғызқұмалақ) жарыста бақтарын сынады.

Сайыс нəтижесі бойынша Нурхайев Ерлан шахматтан 1 орынға, Аманша Мейрамбек жəне Ергалейва Алуа тоғызқұмалақтан 1 орынға ие болды.

2018 жылдың 14-15 сəуір аралығында Астана қаласында спорттық арбадағы биден Қазақстан Республикасының чемпионаты оздырылды. Заманауи жəне спорттық би федерацисының ұйымдастыруымен жарыс Назарбаев Университетінің спорт клубында жəне мəжіліс залында өтті. Жарысқа еліміздің 11 облысынан 60 шақты спортшы қатысты. Өте қызықты да тартысты ұйымдастырылған жарыста Орал қаласының, яғни біздің командадан спортшыларымыз Агзамова Бақыт пен Нугманов Қайрат DUO STANDART стиліндегі биден 3 орынды, DUO LATINA биден 2 орынды, DUO FREESTYLE биден 2 орынды, ал Жангалиева Гульмира FREESTYLE SINGL WOMEN биінен 4 орынды иеленді. Жарыс өте ауқымды, жоғары деңгейде өткізілді. Спорттық арбадағы би жаттықтырушысы Хамзина А.С.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында ерлер арасында Қазақстанның командалық чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бес күнге созылған жарысқа еліміздің сегіз облысынан командалар құрамында елуден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың арасында талай додада оза шауып, бәйге алған 1 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 11 спорт шебері болды. Ақыл-ой додасының қорытындысында жалпыкомандалық есепте Павлодар облысының тоғызқұмалақ шеберлері бірінші орынды жеңіп алды. Қызылордалықтар екінші, оңтүстікқазақстандықтар үшінші орынға көтерілді. Жарыстың жабылу рәсімінде тоғызқұмалақтан ҚР бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева мен БҚО тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры, БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімов жеңімпаз-жүлдегерлерге диплом, кубоктар табыс етті. Жарыстың бас төрешісі Д.Әбдікәрімовтің айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрін қолдау мақсатында ұйымдастырылған жарыста бәсекелестік жоғары болды. Бір атап өтетін жайт, чемпион атанған тоғызқұмалақшылар спорт шебері атағына ие болады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/oralda-togyzkumalaktan-kr-chempionaty-marege-zhetti_a3223447