Батыс Қазақстан облысы әкімдігі атынан «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ/сы, Досмұхамедов к/сі, 45 2018 жылғы 6 қыркүйекте  «Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану» мемлекеттік-жеке серіктестігі жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды. 

Мемлекеттік-жеке серіктестігі жобасының атауы: «Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану».

Конкурсқа Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік-жеке серіктестігі туралы» Заңының 32 бабында және жеке серіктесті таңдау бойынша конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. 

Қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қатысу және конкурс ұйымдастырушысына ұсыну үшін талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген. 

Құжаттардың көшірмелерінің пакетін Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ/сы, Досмұхамедов к/сі, 45, 3 қабат, № 302 каб. мекенжайындағы «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-ден сағ. 09.00-ден 13.00-ге дейін және сағ. 14.30-дан 18.30-ға дейін алуға болады. Құжаттардың көшірмелерінің пакеті конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұраныс бойынша ұсынылады. 

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакеті тегін беріледі. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ, біліктілік іріктеу үшін конверттерге салынған құжаттарды әлеуетті қатысушылар Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ/сы, 090000, Досмұхамедов к/сі, 45, 3 қабат, № 302 каб. мекенжайындағы «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне өздері тапсырады.  

Біліктілік іріктеу үшін құжаттарды  тапсыру мерзімі 08.10.2018 ж. жергілікті уақыт бойынша сағ. 11-ге дейін. 

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 08.10.2018 ж. жергілікті уақыт бойынша сағ. 11-ге дейін. 

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу Батыс Қазақстан облысы, Орал қ/сы, 090000, Досмұхамедов к/сі, 45, 3 қабат, № 302 каб. мекенжайы бойынша 08.10.2018 ж. жергілікті уақыт бойынша сағ. 13-ге дейін жүзеге асырылады. 

Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нен  8(7112)512617 телефоны бойынша алуға болады.