Разряд тағайындау бұйрықтары


Қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (rar, 787 Kb)


Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы (docx, 840 Kb)

Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы (docx, 78 Kb)


2018 жылдың 1-ші тоқсанындағы жағдай бойынша

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес 4 қызмет түрін көрсетеді.

Олар: 1) Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу 2501002. Бұл қызмет басқарма тарапымен сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да көрсетіледі. Бірақ қызмет алушылар тек қана басқарма арқылы өтініш беруде.

2015 жылы 33 қызмет көрсетілді

2016 жылы 16 қызмет көрсетілді

2017 жылы 3 қызмет көрсетілді

2018 жылдың 1-ші тоқсанында 2 қызмет көрсетілді

2) Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру 2501005. Бұл қызметті алушылар тек қана мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бере алады.

2015 жылы 251 қызмет көрсетілді

2016 жылы 386 қызмет көрсетілді. 26 қызмет алушыға спорттық классификация талаптарын орындамағаны үшін құжаттары кері қайтарылды.

2017 жылы 466 қызмет көрсетілді. 30 қызмет алушыға спорттық классификация талаптарын орындамағаны үшін құжаттары кері қайтарылды.

 2018 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша 132 қызмет көрсетілді. 7 қызмет алушыға спорттық классификация талаптарын орындамағаны үшін құжаттары кері қайтарылды.

3) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Бұл қызмет түріне өтініш түспеді.

4) Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі

2018 жылдың 1 тоқсанында 1 қызмет көрсетілді.