Назар аударыңыз!

«Мен неліктен спортты жақсы көремін?» тақырыбында шағын шығарма (эссе) конкурсы және «Менің сүйікті спорт түрім» тақырыбында суреттер конкурсы өткізілетіні туралы хабарландырылады.

Шағын шығарма (эссе) конкурсына 10 жастан 14 жасқа дейінгі (бірге қоса) балалар, ал суреттер конкурсына 6 жастан 12 жасқа дейінгі (бірге қоса) балалар қатыса алады.

Конкурстардың мерзімі 2018 жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін. Конкурстардың нәтижелері 2018 жылдың 15 тамызында жарияланады.

Конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Спорт күні мерекесіне орайластырылған салтанатты шарада бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Шығармашылық жұмыстарды Орал қ/сы, Ж.Досмұхамедов к/сі, 45 (314 каб.) мекенжайындағы Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыну немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштаға жолдау қажет.

Нақты ақпарат алу үшін 50-07-01 телефонына қоңырау салуға немесе Басқарманың www.oblsport-bko.gov.kz ресми сайтына жолығуға болады.


«Мен неліктен спортты жақсы көремін?» шағын шығарма (эссе) конкурсын және «Менің сүйікті спорт түрім» суреттер конкурсын өткізу ережесі


 

Den sporta kaz