Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес жыл сайын елімізде тамыз айының үшінші жексенбісінде «Спорт күні» кәсіби мерекесі мерекеленеді.

Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың серпінді дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде.

Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп, мемлекетіміз беделді халықаралық жарыстардың алаңына айналды. Бұл әлемдік қауымдастықтың Қазақстанда спорттың жоғары деңгейде дамуының мойындалуын көрсетіп отыр.